Дастарқан жыры – Жамбыл Жабаев

Бұл бетте «Дастарқан жыры» атты Жамбыл Жабаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.08.2018
  • 0
  • 1
  • 11996
Біз дастарқан үстінен
Отырмыз міне, дәм татып!
Бір орыс, екі қазақпыз,
Мәз-мәйрам әнге шырқатып,
Ақ самаурын алдында
Тәтті шайы бұрқырап,
Анда-санда жырлатып
Көрсеткендей қошемет
Қояды бізге тіл қатып.
Отырмыз біз үшеуміз
Бір кісінің ұлындай.
Ойнаймыз да күлеміз
Тебіскен тай мен құлындай.
Үстімізге тағы да
Келсе де, қалмақ, грузин,
Алыс елдер ұлдары
Қытай менен Қырымдай.
Бұдан да қызық болар ед
Келелі іске ырымдай.
Қарсы алар ек ашып сыр,
Достық берік, жүрек бір.
Сөзіміз қалмайд ұғылмай.
Мынау үлкен Мәскеуім
Терезеден көрінген —
Отаным алтын ошағы
Думанға шаттық көмілген.
Жарқыраған жұлдызы
Кремль мынау тұрғаны,
Рахмет нұры себілген.
Төрт мұнара тамаша,
Көзің тоймас қараса,
Бахыттың арыс ғарышы,
Әлемге кербез керілген.
Сол жұлдыздар астында
Сталин көсем тұрады.
Ен тіршілік иесі
Жарық дүние шырағы,
Мәскеу мен қазақ ауылын —
Жуыстырған дәнекер,
Мәңгі бақи тұрағы.
Бар әлемнің ұлдарын
Туыстырған дәнекер,
Ұлы Октябрь пырағы.


Пікірлер (1)

Назым

Жамбыл Жабаевтың өлеңдері маған катты унады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дастарқан жыры өлеңінің авторы кім?

Жамбыл Жабаев — осы өлеңнің авторы.

Дастарқан жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дастарқан жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жамбыл Жабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дастарқан жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері