Қашан

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 28.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1564
Көкірегімде өрекпиді мол ағын,
Буырқанам, бір тасып, бір толамын.
Аппақ арман жеткізесің сен қашан,
Қашан Шоқан,
Қашан Саттар боламын.
Он сегізге биыл шығар жасым бар,
Аз өмірде тапқан досым, қасым бар.
Он сегізде жарқылдады-ау,
Мен кепіл
Әлгі асылдар, жасыңдар.
Олар, олар ат үстінен түспеген,
Сұңқарлар ғой аузымен құс тістеген.
Ал менің ше,
Ұялмастан айтардай,
Бір ісім жоқ істеген.
Көкірегімде өрекпиді мол ағын,
Мен осылай буырқанып, толамын.
Аппақ арман, жеткізесің сен қашан,
Қашан Шоқан,
Қашан Саттар боламын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қашан өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Қашан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қашан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қашан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері