Тал түсте шырқаған торғай – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Тал түсте шырқаған торғай» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1116
Біздің жаққа бұлт аумай, жаңбыр жаумай құрғап тұр,
Күнде шығып күлән күн, көп бояуды ұрлап тұр.
Бір бозторғай төбеге қақырық түтер мезгілде
Боз көдеден биіктеп буынғандай жырлап тұр.
Жалғыз торғай жырлап жүр, жалқы аспаны тыңдап тұр,
Сауырын созып селт етпей сұлық жатыр сұңғақ қыр.
Сай-сүйегі сырқырап барады босып боз бұлттар,
Бей-жай бір кезде бейсауат шырқырауын-ай, тіл тапқыр.
Қарлығып шыққан құс даусы – қайраққа салған ұстара,
Қайрап қалдырған өткірлік бұйырады екен құсқа да.
Қарашықтай құс қажып кеп, қанаты талған кезінде
Қаймықпай кіріп кетердей уантып ұстар уысқа да.
Үніне сенген үмітпен аңқасы кепкен қырларға
«Ақ жаңбыр қашан төгер» деп жүйкесі құрып тұрғанда
Қара жер шөлдеп жатқан соң, шырылдап құйттай бейбіт құс
Арбаған жылан аузына жем боп түсіп тынғанда,
Жабырқап қалар жалған да...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тал түсте шырқаған торғай өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Тал түсте шырқаған торғай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тал түсте шырқаған торғай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тал түсте шырқаған торғай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері