Қорланға ғашық болған есіл Естай – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Қорланға ғашық болған есіл Естай» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1852
Қорланға ғашық болған есіл Естай,
Көңілінің қаңтарылған көші жастай.
Ойлаушы ем:
«Қолы жетпей Қорланына
Жер басып жүрді екен деп несіне Естай».
Ойлаушы ем:
«Ақылға тіл төселдірген
Тағдырға жібермес деп есеңді сен».
Ойлаушы ем:
«Мен егер де Естай болсам,
Қорланға қосылам деп есен жүрсем».
Ойлаушы ем және ойлаушы ем:
«Жақсы көрсе,
Қорланға артық па деп басты берсе».
Қайырлап қалады деп ойламаушы ем,
Қос желкен қыр соңына тасқын ерсе.
Ертістің ар жағында алаңдаған,
Естайға ақындығы талан болған.
Ыстығы махаббаттың ішке түсіп,
Мұң болып сыртқа шығып аман қалған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қорланға ғашық болған есіл Естай өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Қорланға ғашық болған есіл Естай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қорланға ғашық болған есіл Естай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қорланға ғашық болған есіл Естай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері