Көлдерім, көк жайлауларым – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Көлдерім, көк жайлауларым» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1110
Көлдерім, көк жайлауларым,
Сағынып сендерді ойладым.
Ырғайлы белдерді ойладым,
Ырғалған көлдерді ойладым.
Ыңыршағы айналып жатқан
Ыраңды жерлерді ойладым.
Құйысқанын көтеріп соққан
Ылаңды желдерді ойладым.
Шық сіңген қара оттарыңнан
Қара мал күйіс қайырған,
Мүк сіңген қабақтарыңнан
Мүңкіп бір иіс жайылған
Құйқалы қырларды ойладым.
Қоғажай нуларға қонған,
Мамажай мамыр құстарым,
Сәскелік шулардан аман
Сәтінде қолымда ұстадым,
Момын құс сендерді ойладым.
Кірпігім айқасып кетті
Көбірек ойланып тұрып,
Сағыныш шаршатқаның ба?..
Анау жыл қой бағып жүріп,
Осылай тұратын едім
Астана аңсатқанында...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көлдерім, көк жайлауларым өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Көлдерім, көк жайлауларым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көлдерім, көк жайлауларым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көлдерім, көк жайлауларым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері