Майдың гүлі

Бұл бетте «Майдың гүлі» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1257
Майдың гүлі
Қайбір күні
Күз гүліндей реңсіз.
Ойдың нұры
Қайбір күні
Сұрқай әрі сүреңсіз.
Қайбір күні,
Қайбір күні
Үсіген гүл үлпілдеп,
У жұтасың
Ойдың мұңы
Ұлылық па, мүмкін деп.
Мүмкін...мүмкін,
Бәрі мүмкін,
Мүмкіндігің көп, Өмір!
Дүние нарқын
Емен жарқын
Бағала да, көре біл!
Қайбір күні,
Қайбір күні
Тамар көзден мол нұрлар.
Майдың гүлі,
Ойдың нұры
Семер дағы, солғындар...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Майдың гүлі өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Майдың гүлі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Майдың гүлі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Майдың гүлі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері