Менімен ерегеспе, ерегеспе – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Менімен ерегеспе, ерегеспе» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 648
Менімен ерегеспе, ерегеспе,
Ерегес есерсоқтау жел емес пе?
Майданнан запы болған зағиптайын
Айналғам ел еместі елемеске.
Керісіп,
Кезек берсең тіл мен жаққа,
Мүкамал айналуың мүлдем жатқа.
Адамды аздырмаққа Ібіліс те
Жұмақтың есігінен кірген жоқ па?
Байқамай Ібілістің ішке енгенін,
Тіл безеп, кімге керек тістенгенің?
Жүрмесін сан соқтырып түстен кейін
Сарқылып сабасына түскен көңіл...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менімен ерегеспе, ерегеспе өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Менімен ерегеспе, ерегеспе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менімен ерегеспе, ерегеспе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менімен ерегеспе, ерегеспе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері