Кеңсай – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Кеңсай» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1299
Қаланың ту сыртында қала жатыр,
Бала жатыр,
Онда əзіз ана жатыр...
Ақ тер, көк тер қарбалас тіршіліктің
Ол қала үшін құны жоқ қара бақыр.
Қаланың ту сыртында қала жатыр.
Дана жатыр,
Онда əзіз баба жатыр...
Қабір сайын қарайған құлпытастар
Қара ормандай көбейіп бара жатыр!..
Қаланың ту сыртында қала жатыр.
Қабір емес,
Аты оның – Заманақыр!
...Табыттың соңына еріп тауға қарай
Тағы бір қаралы топ бара жатыр.
Қаланың ту сыртында қала жатыр...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кеңсай өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Кеңсай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кеңсай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кеңсай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері