Ұшқыр еді, ғұмыр – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ұшқыр еді, ғұмыр» атты Исраил Сапарбай жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 516
Ұшқыр еді, ғұмыр,
Қанатың қандай ?!
Жанның бəрі бүгін
Жаңа туғандай.
Жанарында лағыл
Шам жанатындай.
Жақсылыққа жаның
Жалғанатындай.
Есік ашып əр үй
«Мұндалайтындай».
Ақ бесікте сəби
«Іңгəлайтындай».
Ақ көрпесін көгім
Ашып түнімен,
Бал татқандай көңіл
Ғашық тілінен.
Жарасқандай күлкім
Жамағатпенен.
Осы екен ғой, шіркін,
Қанағат деген!
Көгерсін деп елім
Көп тілеп едім...
Жыл басына қолым
Жетті ме менің?!
Сілкін, көңіл, сілкін,
Қайғыңды қашыр.
Бұзылмасын шырқың,
Айбынды ғасыр.
Қайдан Өмір тусын
Екі рет мені,
Қалғыма арман – құсым
Көкіректегі.
Қар астында қалған
Қара жердейін
Жазмыш аузын жарған
Жараны емдейін...
Шапағатыңмен ізгі
Шашыра, таңым.
Жақсы үмітпен бізді
Асыра, Тəңір!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұшқыр еді, ғұмыр өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Ұшқыр еді, ғұмыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұшқыр еді, ғұмыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ұшқыр еді, ғұмыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері