Міне ауыл

Бұл бетте «Міне ауыл» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.07.2018
  • 0
  • 0
  • 3637
Ақын айтқан түрлентіп талай жырдың
Түпкі иесі сұлу сөз көркем сырдың,
Ауыл міне өмірдің пайғамбары
Асқан нұрлы келбеті Октябрьдік.
* * *
Өкініш біреу, ой тоқсан,
Талғап айт, айтар сөзіңді!
Топта да жүйрік бар не сан,
Көтере берме өзіңді!
* * *
Ер жүрек бар, есер бар, елде де ез бар
Айтпас сыр бар адамда, айтар сөз бар
Көңіл күйін ақтарар кезің келсе
Естір жанды естіден сен таңдап ал.
* * *
Деушем сені әм сондай...
Өзімді де әм сондай...
Түсіне алмай болдым аң-таң,
Өзін. айтшы, бұл қалай?..
Маған қымбат бір жан едің.
Секілді едің серігім.
Үмітімді үздің менің,
Еліктірді сені кім?..
Саған кінә тақпан жалғыз,
Сақ сындырма, биік бол
Әлі талай жолығармыз,
Кеш көптікі, бізге жол.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Міне ауыл өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Міне ауыл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Міне ауыл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Міне ауыл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері