Тыныштық – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Тыныштық» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2637
Шашырап алтын шапағы,
Тамылжып таңдар атады.
Асығып барлық адамдар,
Жұмысқа бара жатады –
Осының аты Тыныштық.
Шашырап алтын шапағы,
Тамылжып таңдар атады.
Моншағын мөлдір шашу ғып,
Субұрқақ көкке атады –
Осының аты Тыныштық.
Қуантып ата, апаны,
Шырқалып сұлу, шат әні,
Бақытты балғын бөбектер
Бақшада ойнап жатады –
Осының аты Тыныштық.
Қызарып барып шапағы,
Алаулап күн де батады.
Қайтады ел де үйіне,
Тындырып ісін сапалы –
Осының аты Тыныштық.
Қызарып барып шапағы,
Алаулап күн де батады.
Бақытты балғын бөбектер
Балбырап ұйықтап жатады –
Осының аты Тыныштық!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тыныштық өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тыныштық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тыныштық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тыныштық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері