Қарлы боран – Өтепберген Ақыпбекұлы

Бұл бетте «Қарлы боран» атты Өтепберген Ақыпбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.06.2019
  • 0
  • 0
  • 6158
Күн борады, борады,
Жел екпiндеп соғады:
Жерге түспей –
Жауған қар,
Қайта ұшады жоғары.

Көкте –
Текке дөңгелеп,
Қар қонбай жүр жерге кеп:
Шамды айналып ұшатын,
Бейне жынды көбелек.

Боран –
Жұртты бұқтырып.
Бiрде қалар күрт тынып.
Демiн тартып,
Тың тыңдап,
Қайта соғар ышқынып.

Ызбарланып, күйiнiп,
Қарды қойдай иiрiп:
Ашуланып боран жүр,
Жел-қамшысын үйiрiп…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарлы боран өлеңінің авторы кім?

Өтепберген Ақыпбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Қарлы боран өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарлы боран өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Өтепберген Ақыпбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарлы боран өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері