Медеу – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Медеу» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3366
Алатаудың ақтарылып ақ қары,
Шақырады шаттығына шатқалы.
Құзар шыңы көзді тартып қияннан,
Бал үнімен балқытады бақтары.
Медеу –
Салтанат пен сұлулықтың мекені.
Медеу –
Көрген адам зор мақтаныш етеді.
Алатаудың әлемге аян айбыны,
Баурайында бар сырғанақ айдыны.
Қуанышпен қарсы алады күлімдеп,
Конькиіңмен барсаң-дағы қай күні.
Медеу –
Жастық пенен жарастықтың мекені.
Медеу –
Көрген адам бір жасарып кетеді.
Алатаудың қызық-думан бөктері,
Бөктерінің кереметі көп тегі.
Шатқалында шалқып жатыр бұлақтар –
Көңілдің көк қалықтаған кептері.
Медеу –
Достық пенен махаббаттың мекені.
Медеу –
Екеу-екеу қатар зырлап өтеді.
Алатаудың аты мәлім алысқа,
Жүйріктерді шақырады жарысқа.
Мұзайдында қатарыңнан қалыспа,
Мұзайдында қыран құстай қарышта.
Медеу –
Саңлақтар мен мықтылардың мекені.
Медеу –
Шыныққандар шын табысқа жетеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Медеу өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Медеу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Медеу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Медеу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері