Бұлт

Бұл бетте «Бұлт» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.04.2019
  • 0
  • 0
  • 10239
Жалбыр-жалбыр жүні ұзын
Жабағыдай
Жөңкіген бұлт көк жүзін
Жабады ұдай.
Тұрамыз,
Өтеді деп
Нұр селдетіп.
Қаламыз,
Кетеді тек
Құр желдетіп.
Шөлдеткенде алтын күн
Егістікті,
Жауа алмаған бұлтыңның
Несі мықты!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұлт өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Бұлт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұлт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұлт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері