Жұбату

Бұл бетте «Жұбату» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4837
Өтпейтін өмір жоқ,
Сынбайтын темір жоқ.
Қияғы бүтін сұңқар жоқ,
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ.
Шудасы бүтін түйе жоқ,
Кекілі бүтін бие жоқ.
Жанып бітпес көмір жоқ,
Жабырқамас көңіл жоқ.
Батпайтын күн жоқ,
Атпайтын таң жоқ.
Отырсаң ойлап, әлемде
Өлмейтін жан жоқ.
Құс өліп, балапан қалса,
Қияқ қалар.
Ат өліп, құлын қалса,
Тұяқ қалар.
Ата өліп, бала қалса,
Мұрат қалар.
Бала өліп, ата қалса,
Ұят болар.
Арғымақ аттың тұяғы
Сазға басса, жетілер,
Тасқа басса, кетілер.
Жапырақ ұшып желге кетті,
Аққу ұшып көлге кетті.
Ол ешқайда бармайды,
Бәріміз баратын жерге кетті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұбату өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Жұбату өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұбату өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұбату өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері