Сандуғаш және шымшық – Спандияр Көбеев

Бұл бетте «Сандуғаш және шымшық» атты Спандияр Көбеев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.08.2022
  • 0
  • 0
  • 1165
Хат жаздым көтерілер көңіл хошы,
Жарамас әзілге де сөздің босы.
Ертеде бір кісінің болған екен
Шымшық әм сандуғашы — екі құсы.
Алдынан терезенің орын алып,
Ішінде клеткенің қапаланып,
Көңілін анда-санда ашады екен
Екеуі кезек-мезек әнге салып.
Сандуғаш сайрағанда жалғыз өзі,
Мың түрлі құйқылжытып жұмып көзді,
Кішкене бір баласы дамыл бермес,
Көрсет деп әкесіне осы құсты.
Әкесі құстың алып екеуін де,
Мазасын кетіргесін күнде-күнде,
Қолына берді дағы баласының
Қайсысы ұнайды деп көңіліңе.
— Қарағым қайсысы саған қымбат бұның,
Көрсетші көңіліңе ұнайтынын,
Береді баласына сандуғашты
Мынау деп көңіл ашып сайрайтұғын.
Баласы бұлбұл құсқа салмай көзің
Жаратпай әкесінің айтқан сөзің
Қолына capы шымшықты кетер алып,
Сандуғаш керек болса ал деп өзің.
— Әй тәте, осы құстың жүні жақсы,
Анадан сайраса артық, үні жақсы,
Секіріп қуанып ап кетті сөйтіп,
Бұлбұлды деді дағы әрі таста.
Бұл ғибрат екі құс пен бір баладан,
Сенбеген сұрай берсін кемді надан,
Үстіне қымбат киім киіп алып
Шымшықша көзге түсер жаман адам.
Наданға ақыл-білім киімде тұр,
Мақтайды кейбір адам сипатын құр,
Асылын танып білмей бағзы заттың
Бұл кезде көп адамдар алданып жүр.
Басында қадырын жоқ малың сыйлы,
Әрине соның үшін жаның сыйлы,
Әйтпесе кімге сенің керегің бар,
Құр алтын жатқанменен дорба ішінде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сандуғаш және шымшық өлеңінің авторы кім?

Спандияр Көбеев — осы өлеңнің авторы.

Сандуғаш және шымшық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сандуғаш және шымшық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Спандияр Көбеев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сандуғаш және шымшық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері