Қызды сыйла!
Бұл бетте «Қызды сыйла!» атты Айбек Бестенқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 07.02.2024
- 0
- 0
- 1332
Ерте үй боп жасамасаң той көктемде
Досым арам ойлама бойжеткенге.
Сен даланың емессің аш қасқыры
Қыздар емес жайылған қой бөктерде.
Ол қыздың ар жағында әкесі бар
Әке қызын қорлауың қате шығар.
Тазалыққа ұмтылшы жүрегіңмен
Бескүндік мына жалған өте шығар.
Ол қыздың ар жағында анасы бар
Кезін күтер қызының бағы ашылар.
Ұмтылған ұядағы балапанға
Сен жылан бола көрме ала шұбар.
Ол қыздың ар жағында бар ағасы
Көз сүзіп қаракөзге қарамашы.
Ағасы үшін қарындас деген бір сөз
Ар-ұят деген сөздің баламасы.
Ол қыздың ар жағында інісі бар
Әпкешім деген кезде үні шығар.
Бауырым қателікке бармас бұрын
Осындай жағдайларды ұғысып ал.
Желкеңе жазылады желінген ар
Сөзімді сақтағайсың көңілге бар.
Өлімнің бер жағында өмір болса
Өмірдің ар жағында өлім де бар.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі