Күз жапырақ
Бұл бетте «Күз жапырақ» атты Айбек Бестенқұлов жазған табиғат туралы өлең берілген.
-
admin
- 07.02.2024
- 0
- 0
- 1006
Терезеден тұрсаңыз сіз бақылап,
Көңілсіз көрінеді күз, жапырақ.
Сезім жайлы сырымды айтып берсем,
Құшағына алардай бізді атырап.
Сен ұнатқан мезгілді мен де ұнатқам,
Қалай-қалай атады ендігі ақ таң.
Өлшеулі ғұмырымыз жете ме екен?!
Ең соңғы жапырақты жел құлатқан.
Бірін ұқпай сезімнің бірін ұғар,
Сен дегенде жүректің дірілі бар.
Сол жапырақ асықпай қалықтайды,
Ертеңі жоқ болған соң бүгіні бар.
Мұңая беруіміз жетер біздің,
Сен көктемсің мен саған бөтен күзбін.
Жапырақтың тағдыры секілді ме?!
Ертеңіміз бар ма екен екеуміздің?!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі