Сараң – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сараң» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1231
Үй Перісі бай қойманы күзетті,
Жоғарыдан кенет бұйрық тыз етті
Билігінен Жындардың –
Ұшу керек алысқа ұзақ жылдар бұл,
Ал, қызмет білмейді еш ізетті,
Тыңдау керек бұйрықты;
Үй Перісі мұны естіп ширықты.
Онысыз кім күзетеді қойманы?
Соны ойлады.
Күзет жалдап, қоймаларды салса ма,
Шығын шықпақ қаншама?
Жай қалдырса – қоймасы сау тұрмайды,
Сену қиын басқаға,
Қазады да ұрлайды,
Құмар-ақ ел ақшаға.
Ойлап-ойлап тапты ақыры ол ақыл,
Үй иесі асқан сараң болатын.
Байлығын ап келді Пері Сараңға,
Деді оған: «Қымбаттым!
Үйден алыс кетіп барам сапарға,
Мен өзіңе сенуші едім тым қатты:
Қоштасарда достық үшін аялай,
Қазынамды қабыл алғын, ойланба!
Іш те, же де, сайранда,
Жарата бер аямай!
Жетсе өлетін күн егер,
Мен болармын мұрагер.
Шартым осы жалғыз-ақ.
Ләйім, саған ғұмыр берсін Алла ұзақ», –
Деді-дағы кетті ұшып. Талай жылдар жоғалды,
Мезгіл бітіп сол әлгі,
Пері кері оралды,
Келіп жетті үйге де.
Не көрді ол? Масқара! Сараң кілтті шандыпты,
Аштан өліп, жатыр құшып сандақты –
Алтындарға тимеген.
Пері өзінің қоймасын
Иемденді тағы да.
Қуанды ол сонда шын:
Бар байлығы тегін түсті бағына.
* * *
Керегіне жұмсамаған қойманы
Пері үшін сақталған деп ойлағын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сараң өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Сараң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сараң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сараң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері