Шалқайып шықтым үйіңнен – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Шалқайып шықтым үйіңнен» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1497
Қыдырып бара қалып ем,
Үйіміз тар деп қысылдың.
Әрине, базар барымен,
Жаныңды дарқан түсіндім.
Қолымды жуған сәтте бір,
Орамал кір деп қысылдың.
Адамға деген ақ көңіл
Екенін таза түсіндім.
Дайындық болмай қалды деп,
Дастарқаныңнан да қысылдың.
Риза болдым барды жеп,
Жомарттығыңды түсіндім.
Мәжіліс құрар мәнді сөз
Айтпадым деп те қысылдың.
Жүректен шыққан жанды сөз –
Ниетіңе адал түсіндім.
Айрылма осы несіптен,
Айрылма осы күйіңнен.
Еңкейіп кіріп есіктен,
Шалқайып шықтым үйіңен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шалқайып шықтым үйіңнен өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Шалқайып шықтым үйіңнен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шалқайып шықтым үйіңнен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шалқайып шықтым үйіңнен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері