Тәңірмен тілдесу

Бұл бетте «Тәңірмен тілдесу» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1515
1. Сауал
Құдай-ау,
Жоқсың,
Барсың ба?
Бар болсаң,
Кеңсің,
Нарсың ба?
Қолында билік, байлық жоқ,
Пендеге біздей тарсың ба?
Әлемге жеке әмір деп,
Табынып жүрміз Тәңір деп.
Пенделер болса бір-бірін
Жәбірлеп жатыр, қабірлеп.
Құдай-ау,
Неге көрмейсің?
Жақындап неге келмейсің?
Қаныпез, қаскөй жандардың
Жазасын неге бермейсің?
Билігі тұрса ғаламның,
Ағызып көзін арамның,
Әділеттікті орнатып,
Тілегін берші адалдың.

2. Жауап
Иесі өзім теңгерер,
Алдымда әлем дөңгелер.
Қадірім қалмақ қаншалық,
Қасымда жүрсе пенделер?
Сондықтан, жұмбақ тұрағым,
Мүкісіз көзім, құлағым.
Есітіп, көріп бәрін де,
Бақылап, сынап тұрамын.
Ақылға, миға қонымды
Көрсеттім тура жолыңды.
Жүретін болсаң сонымен,
Жұмақтан берем орынды.
Келмейтін иман қалыпқа,
Азаптың жолы анық та:
Еретін болсаң сайтанға,
Түсесің тозақ-тамұққа.
Қайсысы керек даңғылдың?
Қалауын еркін қалдырдым.
Алданып қалсаң аңдаусыз,
Жазғаны деме тағдырдың.
Қиямет күні таза сын,
Келтіріп қылмыс назасын,
Бетімен кеткен пенделер
Тартады сонда жазасын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тәңірмен тілдесу өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тәңірмен тілдесу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тәңірмен тілдесу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тәңірмен тілдесу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері