Жау-жау, қарым – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жау-жау, қарым» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1351
Жау-жау, қарым,
Жау, қарым,
Жақсы болар жауғаның.
Жердің жүзін жаңартшы,
Демейінші жаурадым.
Жау-жау, қарым,
Жау, қарым,
Құмшекер боп саулағын.
Ақ көрпеңмен қымташы
Туған жердің тауларын.
Жау-жау, қарым,
Жау, қарым,
Сәні кірсін ауланың.
Ақ шәліңмен орашы
Туған жердің бау-бағын.
Жау-жау, қарым,
Жау, қарым,
Жақсы болар жауғаның.
Белгілі ғой
Көктемде
Береке боп қауларың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жау-жау, қарым өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жау-жау, қарым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жау-жау, қарым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жау-жау, қарым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері