Қайратқа – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Қайратқа» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2871
«Қайратым» деп мен жүрмін,
Қайрат қылмай сен жүрсің.
Ұтып қайтар деп жүрмін,
Сен ұтылып кеп жүрсің.
Ұят қайда, ар қайда?
Мен ұялам сен үшін.
Шынымен-ақ болмай ма
Мен қуанар жеңісің?
Сен ұтылсаң мерейім
Қалады өншең жер болып...
Намысымды берейін,
Алыңдаршы тең бөліп.
Жүрегімді берейін
Алыңдаршы тең бөліп.
Неге алдыңдар демейін,
Ойнаңдаршы мен болып.
Қайрат қылмай сен жүрсің,
«Қайратым» деп мен жүрмін.
Жеңілумен сен жүрсің,
Жеңерміз деп мен жүрмін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайратқа өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Қайратқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайратқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайратқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері