Қапшағай – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қапшағай» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2687
Атады онда балқып таң,
Айдын-шалқар Қапшағай.
Қапшағайды шалқытқан
Қонаевтай жақсы ағай.
Жағасында Іленің
Жайқалады бақша-жай.
Барша-жайдың реңін
Нұрландырған Қапшағай.
Үлкен-кіші демалып,
Жан рақат тапса жай,
Көңілімен кең, алып
Құшақ жайған Қапшағай.
Алматының аймағы
Шам-шырағын жақса жай,
Күндіз-түні жайдары,
Қуат берген Қапшағай.
Айнымайды Балтықтан
Айдын-шалқар Қапшағай.
Қапшағайды шалқытқан
Қонаевтай жақсы ағай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қапшағай өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қапшағай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қапшағай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қапшағай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері