Қоқыс – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қоқыс» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2500
Тілге тиек – кәдімгі қоқыс бүгін,
Қоқыс үшін қырқысып, шоқысты кім?
Көргенімді бүкпесіз баяндасам,
Түсінерсің бұл ісітің оқыстығын.
Салынатын сан қоқыс араласып,
Ауламызда тұратын қара жәшік.
Бұрын оны тінтісе ит пен мысық,
Қайыршылар жүр енді қамаласып.
Қолдарында таяғы, дорбалары,
Ұмтылады таң атпай сонда бәрі.
Бос шөлмек пен тағамның қалдықтары –
Талшық үшін табатын олжалары.
Көп пендеге қарекет, жұмыс құрбан,
Қоқыстарды күнкөріс, ырыс қылған.
Өмір заңы онда да өзгеріссіз:
Күштілері әлсізін ығыстырған.
Патша сынды кім мұнда ерте келсе,
Жетті бүгін қос бейбақ ентелесе.
Қара жәшік түбінде құзғындардай
Қалды екеуі жұлқысып, желкелесе.
Жұмсады да жуаны қара күшті,
Ұрып жықты тырысқақ тарамысты.
«Табысына» сол күнгі сол бейшара
«Жеңісі үшін» жартылық арақ ішті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қоқыс өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қоқыс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қоқыс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қоқыс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері