Кеше отырған күміс зерлі күймемде – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Кеше отырған күміс зерлі күймемде» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Кеше отырған күміс зерлі күймемде,
Көңілсіздің күйін кешкен бір мен бе?!
Бегімайдың жырын айтып қайтейін,
Белуардан ойға батып жүргенде.
Шырмауықтай шырмалуға шақ қалған,
Кездерімнен антымды айтып ақталғам.
Бейкүнә ойға батыраштық жасадым,
Жанарынан жасы тамып жатты арман.
Ұстатпайтын сағым сынды мол үміт,
Сол үмітке жолда қалдым жолығып.
Көңіліңіз Күн секілді, жүрейін –
алыстан-ақ мейіріміне шомылып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері