Ұлыма – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Ұлыма» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мектепті, балам, дәріпте,
Білімнің кілті - әліппе.
Ұстазың саған үйретер
Құдірет барын әріпте.

Қуантып бүгін анаңды,
Қолыңа алдың қаламды.
Балалық шексіз қиялмен
Бейнелеп бердің ғаламды.

Оқушы болдың, қарт ана
мінгізбейді енді арқаға.
Тізесінде емес атаңның,
Отырсың бүгін партада.

Алтын күн төгіп шуағын,
Алтыға келдің, ұланым,
Шығарып салып мектепке,
Алдыңнан күтіп тұрамын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері