Өлең, жыр, ақындар

VANITAS VANITATUM VANITAS!

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 441
(1806)

Ештемені тілеп медет еттім бе?
Пай-пай-пай!
Бақытыма кім тең келер? Ешкім де!
Пай-пай-лай!
Кел, достарым. қағысалық сол үшін,
Стакандар қайта-қайта соғылсын,
Шарап шалқып көмейден ән төгілсін!
Шарқ ұра бердім ойлап молын ақшаның —
Пай-пай-пай!
Бекер өтті қайран менің жас шағым,
Уа, айхай!
Сомдықтарды таптым талай, жымқырдым
Сомдықтарды шаштым көкіп жұлқындым.
Таптым жырып, айрылдым да, ұтылдым.
Құмар болып, сүйдім әйел жынысын.
Пай-пай-пай!
Дозақ болды көрген күнім, құрысын.
Уа, айхай!
Қасірет шектім опасыз боп бәрінен.
Жалықтырды бірі ұяң түрімен.
Бірін тастап бірін қостап жүрдім мен.
Саяхатқа тым әуесқой болып ем,
Пай-пай-пай!
Қаңғыбастық қандай менің сорым-ед!
Уа, айхай!
Орнықпадым қоныс тауып бір жақта,
Ұйқым сиреп, жарымадым тамаққа,
Дос болмады мендей жалғыз бейбаққа.
Дәмелендім даңққа ие болам деп.
Пай-пай-пай!
Дос біткендер шыға келді жауым боп.
Уа, айхай!
Кетсе бір сәт менің бойым ұзарып
Аласалар құса болды қызғанып,
Бөгет көрді мені бәрі сызданып.
Соғыс іздеп баюды да ойладым,
Пап-пай-пай!
Кездім шарлап талай елдің аймағын
Уа, айхай!
Жат жұрттардың ойрандадым жерін мен,
Кетті мейрім жүрегімнің төрінен
Енді ақсақпын, дүниедегі қормын мен.
Енді не бар? Қандай үміт бар маған?
Пай-пай-пай!
Бәрін енді өшірем де, ноль қоям,
Пай-пай-пай!
Бітті жырым, құрғап қалды тілім де,
Шарабым да таусылғалы тұр міне.
Кел жұтайық, түк қалдырмай түбінде.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түнгі ойлар

  • 0
  • 0

Аяймын мен, жұлдыздар, бейбақ сендерді!
Жайнағанда сендерді мен сән көрем.
Теңізшіге төгесіңдер сәулеңді,
Рақым күтпеп құдайдан да пендеден.

Толық

Бұлбұл құс

  • 0
  • 0

Жеңіл қанат қаққан салқын самалдарға,
Еріксіз мен таң қалам:
Сенсіз өмір сүруді сенен есіту сүйіктім,
Қаншалықты менің жаныма ауыр батар дейсің.

Толық

Шалма ора басыма, тәж ғып маған

  • 0
  • 0

Шалма ора басыма, тәж ғып маған.
Шырай берер сол мата жарқыраған.
Иранды билегенде, Аббас шахтың,
Маңдайы мұндай тәжбен сән құрмаған.

Толық