Махаббат кітабы: ғашық-нама өнегелі жұптар – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Махаббат кітабы: ғашық-нама өнегелі жұптар» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған махаббат туралы өлең берілген.

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1416
Тағдырын алты ғашықтың,
Білсін деп жұртым, асықпын.
Түсінген оны кәрі-жас,
Сезінер сырын, жаңылмас.
Рүстем мен Рудабтың
Жүрегі сөзден сайраған...
Күйінген Жүсіп — Зылиха,
Сезімге мәуе жаймаған.
Үйірген Фархад — Шырынды,
Тасқынды сезім тажалдай.
Көрінген Ләйлі — Мәжнүнге
Айырылысу бір сәт ажалдай...
Жәмил менен Ботайна —
Айнымай серттен қартайған.
Сүлеймен мен жарына,
Өмірдің өзі марқайған.
Осыларды ойға түйген жан —
Ақықтай асыл сүйген жар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері