Өлең, жыр, ақындар

Солдат бақыты

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 444
(1814)

Жараланбай келесің, деп,
Жұбатпашы құр мені!
Тағдырға ерік бересің де,
Тартасың да ілгері.
Таусылмас бір шеру көптен,—
Бәріне де үйренгем.
Лагерьде де ерулеткен
Арылмапсың күйбеңнен.
Әр тоғышар бір тілдейді,
Үй табу да азaп бір,
Ақсүйектер зіркілдейді,
Көретінің мазақ құр.
Тұрғаныңмен сызылып-ақ,
Қожаң сыра бермесе,
Қас-қабағың бұзылып-ақ,
Тілдемей көр, ендеше.
Естіліп бір атыс таңда,
Зеңбіректер күркіреп,
Тұяқтардан от ұшқанда
Орындалып бір тілек;
Жорық болып тек есіңде,
Жайнап салар жандайсың.
Жеңілесің, жеңесің бе —
Награда алмайсың.
Құдай оңдап, аяғыңа
Бір оқ келіп тиді ме,
Алыс қалған баяғыда
Ұмытасың үйді де,
Бұл күй неткен бөлек еді,
Бар азаптан жан ада.
Сені арқалай жөнеледі,
Жаулап алған қалаға.
Өтті де бір жорық бастап
Оңашарақ ғалдың ба,
Қатын біткен. қорықпастан
Қылмаң қағар алдыңда.
Айқара ашық — бәрі дайын,
Құшақ — ыстық, ерін — гүл,
Ұмытылып бар уайым,
Құс төсекте керіл бір!
Бәйбішенің бейнесінен
Біліп қойдық араңды,
Баласының жейдесімен
Таңып жатыр жараңды!
Көріп соның көп қылығын,
Кірді бойға әл демде.
Көрші әйел де жетті бүгін
Құрбысына жәрдемге.
Көңіліне қарасын ба,
Құлақтанды қалған ел.
Абысындар арасында
Жатты емделіп ардагер.
Жақсы лебіз қалай ғана,
Жата қойсын, тегінде,
Жетті хабар сарайға да
Батыр солдат жөнінде;
Жоғарының жарлығын ап,
Омырауына тақты орден.
Әйел біткен қалды жылап,
Орын берген қақ төрден...
Біздің солдат ертесіне,
Айығып та, толып та,
Айналып ел еркесіне
Кетті аттанып жорыққа.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Лили ерекше аң

  • 0
  • 0

Жер бетінде аңдар арасында
Лилидей ерекше аң болған емес!
Қандай сиқыр-арбаумен
Мұнда жабайы аңдар келіп жиылған?

Толық

Жолаушының түнгі әні

  • 0
  • 0

Тұрып сен, шыңда, беткейде,
Жер қайғысын жырлайсың
Екі есе қасірет шеккенге,
Екі есе медет сыйлайсың!

Толық

Рухтың сәлемі

  • 0
  • 0

Өзен жағасындағы ескі мұнарада,
Батырдың рухы тұрғандай.
Және де, қап-қаптаған толы көріністер,
Сәлемін жолдағандай:

Толық

Қарап көріңіз