Туған жер көктемі – Бақытжан Тобаяқов

Бұл бетте «Туған жер көктемі» атты Бақытжан Тобаяқов жазған туған жер туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Туған жердің арайлы көктеміне,
Жер жетпейді көкорай көк беліне.
Ризамын Тәңірге бақыт беріп,
Жастық шақтың қызықты өткеніне.

Қайырмасы:
Жасыл жерлерімді,
Белес белдерімді,
Айдын көлдерімді
Өпкен желдерімді.
Дархан елдерімді
Асыл ерлерімді,
Арман аққуындай,
Ардақ бақ ғұмырдай
Туған жерді сағынамын.
Бір өзіңсің табынарым.
Туған елді сағынамын,
Қастарыңнан табыламын.

Бүршік жарып шиесі бүрленгендей,
Гүліменен қыр, дала түрленгендей,
Базарлымын, бақтымын туған жерде,
Бар ма бұл сәт ғұмырды сүрген мендей.

Қайырмасы

Әр адамға жақсылық бұйырғандай,
Жер бетінде жамандық тиылғандай.
Туған жерде өзіңді сезінесің,
Көк төрінде жұмақтың жүрген жандай.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған жер көктемі өлеңінің авторы кім?

Бақытжан Тобаяқов — осы өлеңнің авторы.

Туған жер көктемі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған жер көктемі өлеңі не туралы?

Бұл шығарма туған жер туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Туған жер көктемі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері