Жырым саған арналды, əнiм саған – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жырым саған арналды, əнiм саған» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.07.2021
  • 0
  • 0
  • 916
Жырым саған арналды, əнiм саған.
(Сабырынан айрылар сағынса адам).
Саздарымды жеткiзсiн сарала күз,
Арманымды жеткiзсiн ағын самал.
Ақ ниетпен жол алды саған құсым,
Алақанға қондырып алармысың?
Жүрегiңнiң төрiнен жай ұсынып,
Жақсылықтың жасай гөр жоралғысын.
Көкiрегiне мұң қонса, мұнар қонса,
Көлденең жұрт жайыңды ұғар қанша.
Көңiл күйi көксеген шертiлер ме,
Домбыраның iшегi сыңар болса?
Жай-күйiнен жанымның берiп хабар,
Бəлкiм, саған бұл əнiм серiк болар.
Оңашада ой кешiп отырғанда,
Терезеңе құстайын келiп қонар.
Таң оянып,
таққанда шолпысын Күн,
Көк теңiздей көңiлiң толқысын мың...
Саған, жаным, тапсырдым аманатқа
Сол əнiмнiң тағдырын – сол құсымның!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жырым саған арналды, əнiм саған өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жырым саған арналды, əнiм саған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жырым саған арналды, əнiм саған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жырым саған арналды, əнiм саған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері