АЛЛА берген сый!!! – Уасила Нурланкызы

Бұл бетте «АЛЛА берген сый!!!» атты Уасила Нурланкызы жазған діни тақырыптағы өлең берілген.

Саған бір ғана өмір берілді.
АЛЛА оны саған сыйға тартты.
Бірақ, ол затпен қалай ойнайды?
Ешкім білмейді.
Әр адам ол заттан қызық жерін табады да,
Сол шетті зерттейді.
Онымен қалай ойнауға болады?
Бұны АЛЛА неге сыйға тартты?
Оның сыры қандай екен?
Ол не үшін берілді?
Сондай сұрақ ойға келеді.
Кейбіреулер, оны тастайды,
Кейбіреулер, ойнап шаршайды,
Кейбіреулер, сыңдырып тастайды,
Ал кейбіреулер сақтап қояды.
Ең қызығы,
Дұрыс шешімі жоқ сияқты.
Бұл ойынның шарты қандай?
Қалай ойнау керек?
Ал соңыңда не болады?
Шынымен де қызық екен!
Ойнайм десен өзін біл.
Бірақ абай бол!
Байқап ойна...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар