Өткен оралмайды

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 839
Сырың неткен тым ащы еді, жігітім!
Күз жетпей-ақ,
Үзілді ме үмітің?
Өткен күндер
Қайта айналып келер ме,
Сағым қуып
Сарылғанмен күні-түн?..
Орындалмай ізгі арманың,
Тілегің,
Сүйген қызың
Қыршын кетті, білемін...
Сағынышын арқалатып зіл батпан,
Қара жерге жасырды да гүл өңін...
Өн-бойыңды өрт тілімен жалаған,
Өкінішің өртейді,
Рас, ағажан!
Қандай ауыр
Сол бір күнді еске алу,
Жүрекке әкеп айықпас дерт жамаған?!
Егілгенмен сүйгеніңді ап есіңе,
Тірілмейді ол...
Ілес өмір көшіне!
Өткен күнге қайта-қайта оралып,
Ескі жара білтелейсің несіне?..
Көктеміңді ұластырма қысқа сен!
Бұл өмірден
Мұң шарабын жұтпа сен!
Қыс соңында
Жайма-шуақ жаз бар ғой,
Қыс мәңгілік болады деп ұқпа сен!
Ауыр ойды
Серпіп кейін тасташы,
Енді қайтып
Мұң есігін ашпашы!
Енді қайтып
Домбыраның ішегін
Бұрынғыдай күрсініспен қақпашы!
Тағдыр – қатал,
Кейде жұмсақ,
Шуақты
Құбылмалы ауа райы сияқты...
Саған да бір
Шапағаты бар шығар,
Махаббаты –
Күн көзіндей қуатты.
Жүрегіңде мұң қалыпты-ау арылмас...
Бұған қалай
Көңіл, шіркін, тарынбас?!
Өзіңменен
Бір қуанып,
Бір күлер,
Болайыншы, сырыңа ортақ, қарындас!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өткен оралмайды өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Өткен оралмайды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Өткен оралмайды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өткен оралмайды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері