Шағын алқапта

Бұл бетте «Шағын алқапта» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 736
Саздарына үндердiң
Құлақ түр де,
Қара бiр:
Ерiнiнен гүлдердiң
Шырын сорып ара жүр.
Қанша күн мен түн кешiп
Осы жердi тапқандай, –
Аппақ қайың гүл кешiп
Жүрiп келе жатқандай.
Қуаныштан жанарға
Кетедi ғой жас толып.
Тұрасың ғой
Дем алған
Ауаға да мас болып.
Көтерiлген төбеге
Күннiң нұры қызады.
Кесте төгiп әуеге
Инелiктер ұшады.
Көңiл-шiркiн тасиды-ай
Жарылуға шақ қалып...
Тұрған кезде осылай
Жан-жүрегiң шаттанып, –
Түсiрдi ғой қапаға
Бар әсердi талқандап, –
Қара қоңыз жапаға
Бара жатты тоңқаңдап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шағын алқапта өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Шағын алқапта өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шағын алқапта өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шағын алқапта өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері