Дүниежалған – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Дүниежалған» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 833
Өлінің көңілін тірі аулар,
Тірінің көңілін кім аулар?
Өткен бір күнде өксік бар,
Кеткен бір күнде жылау бар...
Бейопа күннен белгі жоқ,
Бесінге қарай күн аунар.
Табақтағы асқа тəбет жоқ,
Қабақта, қаста қырау бар...
Маңайды көзбен ішіп-жеп,
Самайды сипап-сылау бар.
Қаңтардан келсе бір хабар,
Қайтқан құс көкте тыраулар.
Қақсатпай тілді тынбайтын
Қақаған қыста тымау бар.
Қилы да қилы пендеге
Қиямет күні сұрау бар...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дүниежалған өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Дүниежалған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дүниежалған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дүниежалған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері