Қарлығашым, қанатынан жел ескен

Бұл бетте «Қарлығашым, қанатынан жел ескен» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 802
Кəмилаға

Телефонның ар жағынан үн қатшы,
Тереңiне телегейдiң шым батшы.
Түнегiңнiң күрсiнгенiн күшейтiп,
Жүрегiңнiң дүрсiл-демiн тыңдатшы.
Алдарқатшы əуезiңмен, үнiңмен!
Таңдайыма бал тамызшы тiлiңмен.
Жалғыз тамшы жарып өтсiн кеудемдi
Жаратқанның кiрпiгiне iлiнген.
Телефонның ар жағынан бер келшi,
Еркiңмен кеп,
Дертiмдi емдеп, дем бершi.
Жас шағымның жалауындай желбiреп,
Ақ сағымның аясында тербелшi.
Телефонның ар жағынан үн қатшы,
Көрдей қуыс көкiрегiме Күн жақшы.
Жанарыма үйiрiлген жасымды
Жалғыз ауыз лебiзiңмен құрғатшы.
...Телефонның ар жағынан тiл қатшы!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарлығашым, қанатынан жел ескен өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қарлығашым, қанатынан жел ескен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарлығашым, қанатынан жел ескен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарлығашым, қанатынан жел ескен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері