Табиғатым – Гүлсана Тілеубекова

Бұл бетте «Табиғатым» атты Гүлсана Тілеубекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2016
  • 0
  • 3
  • 13100
Табиғат мынау тұнған бақ,
Жаратқан Алла бізге арнап.
Желегін жасыл жел тербеп,
Құлпырған қырда қызғалдақ.

Табиғат талай нұрланбақ,
Жүректен жыр боп жырланбақ.
Қазақстаным мен үшін,
Жаһандағы иран бақ.

Көк орайым қойнауы малға толған,
Табиғатым тамаша жанға шуақ.
Қазақ елі әлі де алға самғар,
Жаратқаным жар болып жалғаса арман.

Табиғатым сан түрлі түрге енесің,
Өзіңменен сыр мен қыр көгерер мың.
Болашаққа көшімді бастай бергін,
Болашағын бағамдап кемел елдің.

Қызғалдақпен жатқандай қыр өртеніп,
Ұлт пен ұлыс ұлықтап жүр ертеңін.
Жаңбырменен жарқылдап тастады ғой,
Биылғы жыл көктегі хақ тағалам.


Пікірлер (3)

Əлиə

Өте əдемі өлеңдер

Наргиза

Фамилиян кандай

Құралай

Сізбен косыламын

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Табиғатым өлеңінің авторы кім?

Гүлсана Тілеубекова — осы өлеңнің авторы.

Табиғатым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Табиғатым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлсана Тілеубекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Табиғатым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері