Келісімдер
Қызығына Күн ие
Таза еді неткен таңдағы ән?
Күрделі, дархан дүние,
Нәзіктігіңе таңданам.
Қызығына Күн ие
Таза еді неткен таңдағы ән?
Күрделі, дархан дүние,
Нәзіктігіңе таңданам.
Сырын ашып беретін әр ұғымның,
Ғажап сырды осыдан сен ұғындың.
Қиыны мен қатар тұрар қызығы,
Математика – патшасы сан ғылымның.
Мұң аққандай аспанда әр күн таңнан —
Жылатқандай мен сені жаңбыр тамған.
Маған арнап жолданған әуез күтем
Самал арбап, жел түрткен әрбір талдан.
Жапалақ қар себелеп,
Жердің бетін қаптаған:
Секілді көп көбелек
Қонарға жер таппаған.
Мезгіл болса қарбалас,
Мәз бола алмай біз жүрміз.
Ыстық, суық аралас:
Бір жер — батпақ, бір жер — мұз.
Жазықсыздан осы маң
Шегіп жатыр жазасын.
Көңілшек бұлт осыған
Сығып алды көз жасын.
Өңі қашқан бәрінің,
Оңып кеткен атырап.
Қолдарындай кәрінің
Қалтырайды жапырақ.
Қара жаңбыр қара селден аумай бір:
Төгіп-төгіп,
Төгіп-төгіп жауды-ай бір!
Сияқтанып қозықұйрық алаңы
Бұрынғыдай Жайық емес Жайық та,
Жағалауда қаңсып жатыр қайықтар.
Көрмедім деп болмай-ақ қой күдікті,
Көңілі де орта түскен құдықтың.
Myrza
Өте керемет!Жадыра
Көп рахмет,пайдалы кеңестерінің үшін мың алғыс!Адина
Өтк жақсыМАҚПАЛ
БҰЛ BILIM ALL.KZ КАНАЛЫ ӨТЕ КЕРЕМЕТАқмарал
Толық оқымадым бірақ керемет екен