Табиғат
Бұл бетте «Табиғат» атты Шөмішбай Сариев жазған табиғат туралы өлең берілген.
1. Табиғат – анамдайсың, аялайсың,
Шуақ күн мейіріміңді аямайсың.
Жаныма, жүрегіме дем беретін,
Жайқалған жапырағы саяжайсың.
2. Табиғат – бір жеткізбес армандайсың,
Көгімнен ай нұры боп тамғандайсың.
Құпия жұмбағымдай аққан кейде,
Аспанда жұлдызым боп жанғандайсың.
3. Табиғат – толқын атып, тасыттың сен,
Теңізге өзен болып асықтым мен.
Табиғат – махаббатты сен бергесін,
Өмірде сол бір жанға ғашықпын мен.
А...
Өмірде сол бір жанға ғашықпын мен.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі