Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер мен туындылары жинақталған.
Ислам Шұғайыпұлы (1932-2001) – 10 қарашада Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Барбастау өзені жағасынағы Қоян ауылында дүниеге келген.
1967 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін үздік бітірген.
1954–1956 жж. Батыс Қазақстан облысы, ауданаралық Жаңақала театрында артист болған, Қамыс зауытында директордың бірінші орынбасары, жергілікті комитет төрағасы, комсомол комитетінің І хатшысы қызметтерін атқарған. Алматы облыстық статистикалық мекемесінің аға экономисі, Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясында, Қазақтың жастар театрында әртіс, Қазақ радиосының «Кірпі» сықақ журналының бас редакторы болған.
«Самал», «Тұлпар», «Жаңылтпаштар», «Найза», «Қисық айна», «Жас өрен», «Естімеген елде көп», т.б. оннан астам кітаптың авторы. «Ұлы Октябрь дауылы» поэмасы, «Әсем қала Алматым», «Құрманғазы Күн бабам», «Сартай бала – Сырымдай», «Болсыншы ашық аспан», «Қаһарман жауынгер», т.б. шығармалары республикалық өнер байқауларының бірнеше дүркін жүлдегері болған.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі