Алаш – менің есімім!
Бұл бетте «Алаш – менің есімім!» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Біз ұқыпты баламыз,
Кішілерге панамыз.
Туған елдің көгінде
Жұлдыз болып жанамыз.
Ие болып сенімге,
Көп тілегін табамыз.
Бақыттымыз әлемде,
Ұлы Отан — анамыз!
Әйгіленіп көп елге —
Күнде өскен бағамыз!
Жабықпаймыз біз мүлде,
Ойнап асыр саламыз.
Тәуелсіздік жеңісі,
Ашқан бақыт есігін.
Бабалардың жемісі —
Алаш менің есімім!
Тәрбиенің үлгісі —
Туған Отан — бесігім!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі