Ақ боран

Бұл бетте «Ақ боран» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ақ боран ышқынып,
Соқты жел ысқырып.
Ұдайы үш күндей
Тынбады үскірік.

Бүрісіп төбет те,
Тоңып тұр терек те.
Мен келдім күрекпен
Көкеме көмекке.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері