Еркебек
Бұл бетте «Еркебек» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Еркем десең, бөседі,
Желдей гулеп еседі.
Шешінбестен, керексе,
Белден суды кешеді.
Болсын мейлі торт майлы,
Майлы торттан қорықпайды.
Кәмпиттерді «Ақ аю»,
«Ертегі» деп сорттайды.
– Бәрін алып бер,– дейді ол,
Әпермеске көнбейді ол.
Болсаң мықты, шыдамды,
Сатып алып бермей көр.
Жайына қап өзге асы,
Көл болады көз жасы.
Осы көзі болмаса,
Жаман емес өз басы.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі