Дақылдар кеңесі
Бұл бетте «Дақылдар кеңесі» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тары, бидай, жүгері,
Кездесті де кеңесті.
Үшеуінің тілегі –
Дос болуды сөз етті.
Тары сөзге кірісіп,
Былай деді ой бөлісіп:
– Сая берем сендерге,
Болса қатты күн ыстық.
– Бидай атты сыншымын,
Барып тұрған тыңшымын.
Келе жатса, құс, тышқан,
Хабар берем түршігіп.
Жүгері айтты: – Мықтымын,
Бәрін қуам құстардың.
Собығыммен тұмсығын
Келсе бұзам тышқанның.
Міне, осылай дос кілең,
Қатар өсіп құлпырды.
Бата алмады қаскүнем,
Көргеннен соң бұл түрді.
Күш біріксе – мықтылық,
Достық деген – жақсылық.
Міне, осыны, балалар,
Алыңыздар жақсы ұғып!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі