Ақ мамам
Бұл бетте «Ақ мамам» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сондай таза, ақ мамам,
Досыма айтып мақтанам.
Үйдің ішін жылына,
Он қайтара ақтаған.
Жалтырайды әманда,
Шаң жұқпайды еденге.
Мектебімнен келгенде
Сүйсінемін көрем де.
Үйде тұрып өсетін,
Баптап гүлдің көшетін.
Терезенің әйнегін
Тазалайды, әй, керім.
Мұнтаздай ғып үй ішін,
Кірлетпейді біз үшін.
Есіктен оз, төрге кел,
Бағаңды өзің көр де бер.
Көлденең шөп жатпаған,
Үйді осылай сақтаған.
Мейірбанды ақ мамам,
Бәріңе айтып мақтанам.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі