Өз өлкем
Бұл бетте «Өз өлкем» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған туған жер туралы өлең берілген.
Арнаң суға толатын,
Өзен,
Көлім –
Өз өлкем.
Ертең жігіт болатын,
Бал бөбегің –
Біз еркең!
Қомданады қанатым,
Елім,
Жерім –
Сен десем.
Мәпелейтін,
Бағатын –
Білемісің, кім десең.
Қазақстан –
Жәннатым –
Туған Отан, өз өлкем!
Жұлдыз болып,
Жанатын –
Ұл-қыздарың – біз өркен!
Тәрбиені –
Алатын,
Білім қуып күні ертең,
Қайсар,
Батыл
Болатын –
Тайсалмайтын біз өркен!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі