Бал тілді балақай

Бұл бетте «Бал тілді балақай» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мамам айтады: – Қозым, – деп,
– Қозы емеспін, адаммын.
Қозы туған өзің, – деп,
Мамама сөз табамын.
Бірақ қозы секілді,
Қылығыммен жағамын.

Мамам айтады: – Ботам, – деп, –
Шығар биік жотам, – деп.
Мен айтамын: – Өскенде
Менің анам – Отан, – деп!

Мамам айтады: – Құлыным,
Желбіреген тұлымың.
– Құлын емен, балалар...
Мен мамамның ұлымын!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері