Еркелеймін
Бұл бетте «Еркелеймін» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Еркелеймін –
Әкем менен шешеме!
Ерте мейлі –
Көзіме ұйқы келсе де.
Қалауымды –
Орындасын нешеме,
Бермесе ерік –
Шыға алмаймын көшеге.
– Коньки теуіп,
Көше бойын бойлама,
Үлкен қауіп,
Қыста жолда ойнама, –
Деген сөзін
Еске алам да, жай ғана,
Көз саламын –
Сыртқа шықсам айнала?!
Амандығым –
Ата-анамның тілеуі.
Жамандығым –
Болса олардың жүдеуі.
Бауыр еті –
Ата-анамның бала ғой,
Жалғасатын өмірінің тіреуі!
– Құлыным дейтін,
Қозым дейтін –
Ана ғой!
Барша әлемде Ана неткен –
Ұлы едің!
Ал кей кезде,
«Бала ісі шала ғой», –
Деп қойсын, оны ертеден
Білемін.
Аң, құстың да енелері –
Дара ғой,
Баласына елжірейді жүрегі!
Әке деген –
Орны бөлек «Бәйтерек!»
Қара шаңырақ,
Отбасының тірегі!
Сол әке мен шешемізге
Еркелеп,
Барша ұрпақ
Сайран салып жүреміз!
Аударсақ та,
Парақтарын қанша бет –
Баба жазған тарихтан да білеміз!
– Ұлтыңды сүй,
Жұртыңды сүй, –
Дегені –
Ата-анамның ақылы ғой.
Деседі:
– Отанды сүй,
Талмай өсіп, көгеріп. –
Бұл кеңесі
Мәңгі орнаған есіме!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі