Бұл бетте «Ақ бесігім – Қарағандым» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көкірегімде жұпар желі Сарыарқаның,
Тасып жатқан дариядай дән алқабың.
Қайда жүрсем, көз алдымда тұрасың сен –
Шалқар көлім, шалғын белім, самал тауым.
Қайырмасы:
Жері жомарт, елі дарқан,
Бар қызығым сенің арқаң,
Ақ бесігім – Қарағандым.
Жүзі жарқын, жүрегі ыстық, жаны көктем,
Жігіттерің жаралғандай жалын-өрттен.
Сары даланың шалқып ескен самалындай,
Сарыарқаның арылмайды әні көктен.
Қайырмасы:
Жан жайлауым – жасыл орман, таулы құздар,
Баурайында балауса гүл, балғын қыздар.
Құтты мекен қырандары қияға ұшқан,
Аспанында жарқыраған ақ жұлдыздар.
Қайырмасы:
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі